Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Нұрбол Айдосұлы Меркі ауданы Кеңес ауылдық шекара қызметкерлерімен бірлесіп, ауыл тұрғындарына қоғамда өзекті болған "Деструктивті ағымдардың қоғамға әсері" атты уағыз-насихат өткізді.
Жиында өскелең ұрпақты жат ағымның жетегінен қалай аман алып қаламыз деген мәселе қарастырылды.
Нұрбол Айдосұлы жас ұрпақты жат ағымның жетегінен дұрыс Ислами білім, дұрыс тәрбие, салт-дәстүрімізді терең білу арқылы аман алып қала аламыз, сол үшін бала-шағамыз қайдан білім алып жүр, кімдермен дос болып жүр, отбасында қандай тәрбие көріп жүр соған баса маңыз беруіміз керек деді.
Сонымен қатар, жас ұрпағымыз Отан алдындағы міндеттерін өтеуі керектігін, одан қашу дұрыс болмайтындығын жеткізді. Отанды сүю - патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - отанға деген сүйіспеншілік. Отанға жанашырлықпен қарау, адал қызмет ету, халықты сыйлау, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, сүннет жолы, мәзхабы, мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын да құрметтей білу керек деп барша жастарды Отан алдындағы міндеттерін өтеуге шақырды.
Жиын соңында, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі