ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, Тараз қаласы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Құран Кәрімнің 2 және 1 парасы бойынша жарыс ұйымдастырылған болатын.
Жарысқа Меркі ауданы Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Нұрбол Айдосұлының 4 шәкірті қатысып, жүлделі 2-ші және 3-ші орынды иеленіп қайтты. Сондай-ақ, қатысушыларға «Алғыс хат» пен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз, алдағы уақытта Құран Кәрімді толық жаттап Қари атануына тілектеспіз!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

