Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында «Бесағаш» ауылдық мешіті мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен мұсылмандар үшін мерейі үстем мереке Мәуліт мейрамына орай, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қайырымдылық жасалды.
Аталған игі шара бойынша, 19 отбасыға азық-түліктей, 2 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы қайырымдылық сомасы үш жүз жиырма үш мың теңгені құрады. Сонымен қатар, көмек алған отбасылар мешіт имамы Керимов Айтжан мен ауыл жастарына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі