#Меркі ауданы: Үйі өртенген азаматқа асар жасалды

#Меркі ауданы: Үйі өртенген азаматқа асар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Асар» — туған-туыстар, достар немесе көршілер қиындықтарға тап болған адамға немесе отбасыға қайтарымсыз көмек көрсетуді көздейтін дәстүр. Бұл дәстүрдің ерекшелігі сол, адамдар бірлесіп үй салып, басқа да игі мақсатта бір-біріне көмектесу арқылы ынтымақ пен бірлігін жарастырады.

Меркі ауданына қарасты Т.Рысқұлов ауылында келеңсіз жағдай болып, бір бауырымыздың үйі өртеніп кеткен еді. Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадияр және ауыл әкімшілігінің қатысуымен, ауыл тұрғындарының демеушілігімен үй сатып алынып берілді.

Өрт электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған екен. Көп балалы отбасының қайғысына ортақтасқан ауыл тұрғындары дереу жиналыс жасап, ортадан ақша шығарып ауылдан үй сатып алып берді. Қазір үйге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, айналасына қоршау орнатып, алдағы уақытта үй пайдалануға беріледі.

Алла Тағала амалдарымызды қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: