Бүгінде әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Жүздеген ұлттар мен этностың, бірнеше дәстүрлі конфессиялардың басын қосқан еліміздің ерекшелігін теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын.
Осыған қарсы түсіндіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Шу ауданы "Төле би" мешітінің найб имамы Рамазан Омаров Көктөбе ауылы "Рақыш-ата" мешітінің жамағатымен жүздесті.
Кездесу барысында имам "Ағымдардың алдын алу жолдары" тақырыбында сөз өрбітті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі