Елордадан келген "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Ардақ Оразбаев және «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы "Әулие ата" мешіті жанынан салынған мамандарға арналған қызметтік үйде болып қайтты.
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша "Уақып" қорына қарасты 37 қызметтік үй, 3 көпір, 16 құдық, 63 асхана қолданысқа берілген.
Бүгінгі таңдағы аталған ғимарттардың жұмысы мен қызметкерлерге жасалған жағдай турасында "Уақып" қорының Жамбыл облысындағы жауапты маманы Ержан Аманбаев таныстырып өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

