#Т.Рысқұлов: Рухани білімнің маңыздылығы

#Т.Рысқұлов: Рухани білімнің маңыздылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

            Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысқан кездесу болды. Кездесуге «Көкдөнен» ауылдық мешітінің имамы Алимбеков Бақытжан арнайы шақырылды. Бұл кездесу адамның руханиятына жақын, алар әсері мол «Рухани білімнің маңыздылығы» атты тақырып төңірегінде болды.

   Бақытжан имам бір сөзінде: Муғаздың (р.а) жеткізген хадисін aйтты: «Аллa Елшісі мағaн өсиет етіп былaй деді: «Әй, Муғаз, мен саған Алладaн қорқуды, шындықты aйтуды, уәдеге берік болуды, амaнатты өтеуді, қиянаттaн қашуды, көршіге қарaйласуды, жетімге мейірім көрсетуді, жылы сөзді болуды, сәлемді жаюды, жақсы амал жасауды , дүниелік арманды қысқартуды, иманды ұстануды, Құранды терең түсінуді, ақыретті сүюді, есепті күнде уaйымдауды, өзгелерге қолқанат, кең болуды өсиет етемін. Сені aқылды  кісіні сөгуден, шындықты айтушыны өтірікші деуден, күнә істеуші кісіге бағынудaн, турa басшыға қарсы келуден және қандай да бір жерді бүлдіруден қайтарамын. Әрбір тас, ағаш, балшық үшін де Аллaдан қорқуыңды өсиет етем. Әрбір күнә үшін бір тәубә етуіңді өсиет етемін. Жасырын күнә үшін жасырын, жария күнә үшін жария тәубе керек».

  Алла Елшісі Алланың құлдарын осылайша тәрбиелеп, көркем мінезге, жақсы әдепке шақырған болатын. Пайғамбар (с.а.у.) Муғазға (р.а.) айтқан өсиеті бүкіл үмбетіне және қияметке дейін келетін үмбеттеріне айтқаны деп түсінуіміз керек. Олай болса, біздің міндетіміз рухани деңгейімізді көтере отырып, Алла Тағаланың бақылауын әрдайым сезініп жүру, - деп, ойын аяқтады.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: