Бүгінде Жамбыл облысында "Уақып" жұмысының нәтижелері көрініс тауып келеді. Атқарылған үлкен істің бірі - 2,5 га жерді алып отырған орталық мешіт-медресенің жеке жылыту қазандығының құрылғаны деп ауыз толтырып айта аламыз.
Халық ең көп келетін аумақты ғимаратты жылыту оңай емес. Дін қызметкерлерінің белсенді жұмысы мен жомарт азаматтардың демеушілігімен бірнеше жыл бұрын салынған қазандық күн суыған маусымда өз жұмысын тынымсыз атқарып келеді.
Міне, аталған қазандықтың жұмысын өңірге келген "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Ардақ Оразбаев және «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы көріп шықты.
Бұл қазандық мешіт бюджетін үнемдеуге де үлес қосып отырған-ды. Ерордадан келген мамандармен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, өңірдегі "Уақып" жұмысына жауапты Ержан Аманбаев, "Қамқор-Шарапат" жұмысына жауапты Халид Хожахметов та болды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі