«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.
Осындай жомарт жандардың демеушілігімен Далақайнар ауылында ауыл мешіті мен ауыл әкімшілігі бірігіп, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға қайырымдылық жасады.
30 отбасыға 30 қап пияз бен 10 кг алма таратып берді. "Жақсылыққа жан риза" демекші, көмек алғандар алғыстарын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі