"Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы аудандық "Жәми" мешітінде тақырыпқа сай жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді. "Тәңіршілдік дін бе?" тақырыбында айтылған насихат көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап болған-ды.
Дін – адам баласына екі дүние бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның барлық іс‑әрекетін қайырымдылық пен ізгілікке бағыттайды.
"Ислам – Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы иләһи дін. Ислам өзінен алдыңғы иләһи шариғаттардың бәрін толықтырушы әрі кәміл дін болғандықтан, Алла Исламнан өзге дінді қабыл етпейтінін мына бір аятта баян етеді: «Күмәнсіз Алланың құзырындағы шынайы дін – Ислам»(«Әли Имран» сүресі, 19-аят)" - деп имам нақтылап өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі