#ТАРАЗ: Мәулітке жиналған жамағатқа зәмзәм суы берілді

#ТАРАЗ: Мәулітке жиналған жамағатқа зәмзәм суы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық 3-ші аймаққа қарасты "Әзреті Әли" мешітінде Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне мәуліт оқылды. 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні мешітке жиналған жамағат бірге Алла елшісіне салауат айтып, аталған мешіттің имамы Қанат Жұмағұл қасиетті Құран кәрім аяттарын оқыды. 

"Усманжан баба" мешітінің имамы Ораз Баймаханов мәуліт дұғасын екі тілде оқып, жамағаттың жүрегіне жеткізді.

Игі жиын соңында мешітке келген көпшілікке зәмзәм суы ішкізілді.

Әнас (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса, Алла тағала оған он салауат айтады. Һәм он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтерілмек» дейді. 

"Әзреті Әли" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: