Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» – деген хадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа жіті мән беруге шақырған. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын жеріміз нәжістен таза болуы шарт. Егер, осы аталған үшеуінің бірі таза болмаса намазымыз да дұрыс болмайды. Сондықтан да, мұсылман адам үшін ең маңызды амал – тазалық. Қазақ халқы бірінші байлық денсаулық деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлгені белгілі. Міне сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін, «Тазалық – денсаулық кепілі» деген бір ауыз сөзбен білдірген.
Осы мақсатта Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінде тазалық жүргізілді. Мешіт ұстазы Жанат Кушербаеваның жетекшілігімен әйелдер жамағаты мешіттің ауласын тазалады.
Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі