#Т.Рысқұлов: Ихсан ілімі насихатталды

#Т.Рысқұлов: Ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық военкаматында ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажымен кездесу болды. Бұл кездесуде Сұлтаншәріп қажы  «Ихсан ілімі – рухани білім» атты тақырып төңірегінде уағыз-насихат жасады. Және де ихсан ілімінің қазіргі уақытта нағыз қажетті білім екендігіне дәлелдер келтіре отырып жеткізді.

     Ауданның бас имамы уағыз барысында: Мұсылман өзін Алланың көріп те, естіп те тұрғанын біледі. Сондықтан Аллаға ұнамайтын нәрселерді тыңдамайды және қарамайды. Егер сен Исламның тірегі болған 5 парызыңа, иманыңның 6 негізіне амал етуді тек қана бір Аллаға ұнау үшін, бір Алла сені үнемі көріп тұрғандай жасамасаң, бәрі де бос әурешілік болып қалады.

  Алла сенің істеріңнен ғана емес, ойларыңнан, сезімдеріңнен хабардар. Ол ерніңнің қыбырлағанын да, иненің жасуындай-ақ кіп-кішкентай жәндіктің жыбырлағанын да біледі. Алла, тіпті, құмырсқалардың да аяқ сыбдырын естиді, көзге көрінбейтін ең әлсіз тіршілік иелерін де көреді,- деп, рухани ілімнің адам баласына ауадай қажет екендігіне тоқтала кетті.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: