ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Сарысу ауданында іс-сапарда болып қайтты. Бас имам Сарысу орталық мешітінде болып, өңірдің дін хал-ахуалын байқады.
Сарысу мешітіне бас имамен бірге Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы да барды.
Сапар барысында имамдардың сынаққа дайындығы пысықталып, теріс ағым және аудандағы мешіттердің кем-кетігін бірлесе шешу мәселелерін талқылады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі