1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Яғни бұл күн – аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Демек жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет.
Қордай аудандық мешіті мен "Қақпатас" мешітінің имамдары өңірдегі қарттар үйін зиярат етіп, қариялардың көңілін аулап қайтты.
Дін мамандары дастархан жайып, "Қақпатас" ауылдық мешітінің атынан қарттарға сыйлыққа киім-кешек тарту етілді. Ауыл имам Жармаханбет Тәнекеев 3 ақсақалдың иығына шапан жапты. Игі шараға жұмсалған қаражат 400 000 теңгені құрады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі