Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Оның ішінде діни әдеп, білімді әрбіріміз ұстаз арқылы танып білдік.
Осыған орай, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ұстаздарға құрмет ретінде жиын жасалды. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары Нұргүл Алиханқызы, Жазира Нұрсұлтанқызы, Жібек Қолағұлованың қатысуымен өткен шараға облыстық мешіт пен медресе-колледждің әйел қызметкерлері, әжелер алқасы қатысты. Осындай жиын мешіт шәкірттерімен дәмханада да жалғасын тапты.
Қос жиында ақ дастархан жайылып, әйелдер жамағаты ұстаздарына жылы тілектерін, алғыстарын жеткізді. Ал ұстаздар қауымы кезектесіп уағыз-насихатын айтып, рухани жиынның сәнін келтірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі