Қордай аудандық Мәдениет үйі мен Қордай аудандық мешіті бірлесіп, балалардың қуанышына арналған үлкен шараның ұйытқысы болды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар балабақшасына барып, игі істі көздегендер балаларға концерт қойып берді. Хал-жағдайларын сұрай барғандар балдырғандардың көңілдерін аулап, ойнатып, тілдесіп, 28 балаға мешіт және демеушілер атынан сыйлықтар табыстады.
Ерекше туған балаларды қарап, қамқорлық танытып жатқан орталықтың қызметкерлеріне Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, наиб имамы Нұрбол Солтанбек және мәдениет үйінің қызметкерлері алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі