Тараз қаласындағы ет өнімімен айналысатын бірқатар кәсіпорындар тексерістен өтті. ҚМДБ "Халал-Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Аблайхан Ғабитұлы "Қайсар-ет" ЖК, "Қуандықова" ЖК, және "Ислам ет" ЖК дүкендеріне арнайы барып қайтты.
Кәсіп иелеріне сатылымдағы ет жағдайы сертификаттаудан өткен дәмханаларға жеткізілетін ет өнімдеріне мұқият болулары тапсырылды.
Маман дүкенге келетін етті тасымалдау қызметімен танысып, құжаттарын толық тексеріп өтті. Жедел түрде әр ет дүкеніне 5 қасапшыдан оқыту тапсырылды. Айта кетейік, қазан айынан бастап Жамбыл облысында қасапханалар мен ет дүкендерін сертификаттаудан өткізу жоспарға қойылған болатын.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі