Әже дегенде – көз алдыңа бұтағы сала-сала, жасыл жапырағы жайнаған, төңірегі текемет түріндей алып бәйтерек келеді. Түбіндегі білеу-білеу, жуан-жіңішке алақан секілді тамырдан күн шуағындай шалқыған күлкіні, әдемі тірлікті көргендей боласың. Ал осы әжелердің ақылы, берген жылулығы ше? Оны әрбір кісі әлі күнге дейін ұмытпаған болар...
Осындай данагөй әжелерден құрылған Қордай аудандық әжелер алқасының төрайымы Гулбану Сүйімбаева бастаған ақ жаулықты әжелер мешіт шәкірттерімен бас қосты.
Аудандық Қордай мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы жастарға Әжерлер алқасын таныстырып, қызметі мен мақсаты жайлы толыққанды ақпарат берді. Қыз-келіншектер өзерін толғандырған сауалдарын қойып, кеңес алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі