Адам қандай ас жесе, ол денсаулығына ғана емес рухына да әсер етеді. Сондықтан да ислам діні халал ас жеуді бұйырады. Ал адал асты қадағалайтын Қазақстандағы #1 ұйым - "ҚМДБ Халал-Даму".
Аталған ұйымның Жамбыл облысы бойынша өкілі Аблайхан Ғабитұлы өңірдегі "халал" сертификатын алған өндіріс орындарына жоспарлы тексеру өткізді.
Бірқатар сертификаттаудан өткен дәмханалар және макарон өнімдерін шығаратын мекемелер тексерілді. Атап айтсақ, "Maki Maki" фаст-фуд өнімдері, "Салам бро", "Zhekas Doner house", "Ai Ai Chiken" және "Mark Of Perfection" ЖШС кәсіпорыны.
Сертификатты алған соң жайына қоймай халық игілігі үшін қайта-қайта тексеріс жасап, сапаның сақталуын талап еткен халал сақшыларына тұрғындар разы.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі