АТТ мүшесі, Шу ауданы "Әбу Бәкір Ас-Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов М.Әуэзов мектебінің жоғарғы сынып оқышыларымен дидарласты.
Білікті имам теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптасыру керектігі туралы түсіндіріп өтті. Теріс бағытқа қосылып кетпес үшін білімнің болуы керек. Ал білімді кез келген ерден алуға болмайды. Оны арнайы ҚМДБ ұстаздарынан, мешіт имамдарынан алу керек екенін тілге тиек етті.
Имам теріс ағымда кетудің бірнеше себебі бар екенін, оның басында білімсіздік тұратынын айтты.
«Кейбір кісілер шын мәнінде ақиқатты білейін, дінді үйренейін деп жүріп теріс ағымдағылардың қатарына қосылып кетеді. Бірақ оны өзі білмейді. Бұған себеп – діни білімді дұрыс алмау. Мешіт, медресе сияқты арнайы орындарда емес, пәтерлерде, жертөлелерде тәлім алып, сөйтіп теріс ағымға түсіп кеткендер көп. Одан кейін интернет, әлеуметтік желілер бар. Бір адамның түрін көрмей, оның кім екенін білмей жатып, оның уағызын тыңдап, жат ағымға шырмалып жатқандар да жетерлік" - дейді имам.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі