Қостанай облысында зардап шеккен жандарды қолдау мақсатында Шу ауданы "Жаңабай баба" мешітінің жамағаты қолдан келген көмектерін аямады.
Қостанайға қайырымдылық ретінде 25 қап пияз жүкке түйіліп аттандырылды. Барын бөлісуге бар қазақтың ауызбіршілігі мен жомарттығы үшін көпшілік тәнті.
«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)».
Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Бұл жайында қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылғанын айта кетейік.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі