Әу бастан адамзаттың болмысына рух беріп келе жатқан, тәрбие мен білімнің қайнар көзі саналатын діннің төңірегінде қазіргі кезде қоғамда дау көп. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсақ, көпшіліктің дінге не болмаса дін жолында жүргендерге деген ішкі қарсылығы анық байқалады.
Үй ішінен үй тігіп, ағым-ағымға, жік-жікке бөлініп алып, дін төңірегінде қызылкеңірдек болып жататындар барлық жерде кездеседі. Осыған орай, Шу өңірінде ауыл ақсақалдарынан құрылған Ардагерлер алқасы салафилікке қарсы шағым айтып, жиын өткізді.
Мешіт имамдары теріс ағым түрлері мен ислам дінінің негізін түсіндіріп, "ақида" турасына насихат айтты.
Шу ауданық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі