Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің жанынан ашылған «Әжелер алқасының» біраз мүшелері қасиетті Құран Кәрімді толық жаттаған болатын.
Сәйкесінше, айтулы мерейлі жиын салтанатты түрде аталып өтті. Аталған кеште Құранды толық жаттаған келіншектерге тәж кигізілді. Әрине, мұның барлығы аудандық мешіттің әйелдер жамағатының ұстазы, теолог, «Әйел-қыздар» секторының төрайымы Жайна Бекназарованың арқасында жүзеге асырылып отыр.
Сөз соңында, «әжелер алқасы» мүшелерінің діни ілімдері одан әрі артуына тілек білдіреміз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі