Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамының қатысуымен жұма намазы өткен болатын. Халқымыздың мақал-мәтелдерінде: «Еңбек қылмай ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас», «Еңбексіз өнбек жоқ», «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек етсең – еленерсің», – делінген көптеген нақыл сөздерді кездестіруімізге болады.
Бұл нақыл сөздер ата-бабаларымыз үшін еңбек ету, ешкімге масыл болмай, өз маңдай терімен мал табудың қаншалықты үлкен маңызға ие болғандығын көрсетеді.Уағыз тақырыбы «еңбек –ырыс қазығы» болғандықтан, бас имам дініміз Ислам әр мұсылманға адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге шықыратындығын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі