Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен қайырымдылық жасалды.
Өз мұқтаждығын жасырып, ешкімге қол жаймаған, барына шүкір етіп, сабыр еткен әпкемізді көршілері байқап, бас имамға хабар берген еді. Бас имам тез әрекетке көшіп, азық-түлігін арқалап әпкемізге қолдау көрсетті.
Көмек алған әпкеміз қатты қысылып, алғысын білдіріп, рахметін айтты.
Сонымен қатар Сыпатай ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулаттың ұйымдастыруымен 4 отбасыға азық-түліктей көмек берілді.
Көмек алынған отбасылар алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі