Сарысу ауданы Жаңатас қаласына арнайы «2022 жыл- балалар жылына» орай «Кіші футбол» спорт түрінен 45 жастан жоғары ересектер арасында Сарысу аудандық ашық турнирі өтті.
Жасыл алаңда жақсы ойын көрсеткен Жамбыл аудандық командасы жеңіспен оралған болатын. Аталған жарыста бірінші орынды иеленген жамбылдық команданың ішінде аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да арнайы барып ойынға қатысты.
Тартысқа толы турнирде теңбіл допты әуес еткен аудандық команда өкілдері әдемі ойын көрсетті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі