Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылына іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен жергілікті «Нұртай ата» мешітінің имамы Сабит Теналұлы ауылдық дүкендерге «Қанағат» жәшіктерін орнатты.
Ал жәшік сыртына «Шамаң келсе, қайырым жаса сал, шын мұқтаж болсаң қанағат етіп ал!» - деген астарлы ұран жазылған. Аталған жәшіктің мақсаты аты айтып тұрғандай - қайырымдылық жасау, мұқтаждарға көмек қолын созу.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі