Облыс бас имамы дін көшбасшыларының VII съезіне қатысты

Облыс бас имамы дін көшбасшыларының VII съезіне қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды. Аталған алқалы жиынға  ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев те арнайы барып қатысты. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған еліміздің өзге өңірдегі дін мамандары да маңызды іс-шарада бас қосты.  

Әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, әлемдегі дін ахуалын талқылау шарасының біздің мемлекетте өтіп жатқаны үлкен құрмет. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: