#Шу: Насихат мұсылманға артық болмас...

#Шу: Насихат мұсылманға артық болмас...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барлық күнәлардан сақтанып, ешбір күнәні кіші көрмеу керек, өйткені Алла Тағала күнәһарлардың, залымдардың жазаларын беруден мүлдем тартынбайды. Ол ашуын күнәлар арасында жасырған. «Күнә істеуді жалғастырған адамдардың уақыт өте жүректері мөрленеді. Ол адам сауап істей алмайтын болып қалады» дейді шариғатымыз.

Ендеше, күнәдан қалай пенде өзін тыя алады? Дәл осы тақырыпта Шу ауданы "Төле би" мешітінде РАНТ мүшесі, білікті имам Данияр Кенжалин шам мен құптан намазы арасында "Үлкен күнәдан сақтану" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

 Көпшілік ұйып тыңдап, сауалдарын қойып, насихаттан терең ой түйіп қайтты.

 Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: