#Шу: Жат ағыммен күрес тобы медқызметкерлермен кездесті

#Шу: Жат ағыммен күрес тобы медқызметкерлермен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық емханасында дін мамандарымен кездесу өтті. Шараға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев, РАНТ мүшесі Данияр Кенжалин, Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Жарбол Ақжігіт, Ауыл ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қазақбай Байжұманов қатысты.

Көпшілікке тесріс ағымдардың теріс ұстанымы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мазһаб ұстанудың артықшылықтарын тілге тиек етіп, неге мазһаб ұстану керек сынды қатысушылардың сан түрлі сауалдарына жауаптар берілді. 

Іс-шарада ақ халатты абзал жандар діннің барлығын ағым деген қоғамдық қорқыныштан арылып, ақ пен қараның ара жігін ажыратуды, дәстүрлі дін мен теріс бағытты тани алуды үйренді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: