Әу бастан адамзаттың болмысына рух беріп келе жатқан, тәрбие мен білімнің қайнар көзі саналатын діннің төңірегінде қазіргі кезде қоғамда дау көп. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсақ, көпшіліктің дінге не болмаса дін жолында жүргендерге деген ішкі қарсылығы анық байқалады. Үй ішінен үй тігіп, ағым-ағымға, жік-жікке бөлініп алып, дін төңірегінде қызылкеңірдек болып жататындар барлық жерде кездеседі.
Міне, соның ара-жігін ажыратып, тарқатып айту үшін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Жарбол Ақжігіт шам намазының алдында аудандық "Жәми" мешітінде уағыз жүргізді.
Көкейкесті сан сауалға қаққан қазықтай нақ жауап болған насихат "Абу Бәкір Сыддық" мешітінде құптан намазының алдында жалғасын тауып, теріс бағытты ұстанушылардың адасқан тұстары тілге тиек болды. Жамағат сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алып тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі