#Шу: Спортшылар РАНТ мүшесінің насихатын тыңдады

#Шу: Спортшылар РАНТ мүшесінің насихатын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мәселесі қай қоғамда да болмасын ең маңызды дүниелердің бірі болып қала береді. Өйткені дін - адамның өмір сүру салты. Осыған орай "Дәстүрлі емес ағымдардың шынайы ұстанымы" тақырыбында Шу ауданы "Тарлан" спорт кешенінде имандылық жүздесу жасалды.

Айтулы шараға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев, Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы келген білікті имам, РАНТ мүшесі Данияр Кенжалин, Ауыл ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қазақбай Байжұманов қатысты. 

Спортшылар спикерлердің насихатын ұйып тыңдап, көкейкесті сауалдарын қойып, дәлелді жауаптар ала алды.  Бас имам РАНТ мүшесін таныстырып, Данияр Кенжалин білім алудың маңызы жайында көркем насихат айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: