Шу аудандық нөмірі 10-шы колледжінде дін мамандары студенттермен кездесу өткізді. Шараға арнайы РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет қатысып, теріс ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы "Кері тартпа ағымдарға ермеу және оның жолдары" жайында сөз сөйледі. Дін мамандары жастардың сұрақтарына жауап беріп, дәйекті мағұлматтар берді.
Қазақбай Байжұманов ауылының ақсақалдар мүшесі де өз жастарға насихатын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі