Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының бастамасымен әйелдерге арналған діни сауат ашу курсы басталды.
Курсты сектордың өңірдегі жетекшісі Нұргүл Алиханқызы, Жібек Қолағұлова, Жазира Болатқызы жүргізеді. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран, Құран әліппесі, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.
Дәрістер күндізгі және түскі уақыттарда өтеді. Айта кетейік, сабақтарға студенттер, қыз-келіншектер, әжелер де қатысуда.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі