2022 жылдың 8-9 қыркүйек аралығында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С.Мыңбаевтың бастамасымен «Дін саласы бойынша» тобы Мойынқұм ауданында зерделеу және консультативтік-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараға Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев арнайы қатысты. Аталған топ жұмысының желілік кестесіне сәйкес аудан көлеміндегі ірі елді мекендерінің тұрғындарын, жастар мен жасөспірімдерін, оқушылар мен студенттерін, спортшылар мен жаттықтырушыларын және аудан имамдарын қатыстыра отырып түрлі форматтарда шаралар өткізілді.
Іс-шаралар барысында аудан көлеміндегі проблемалық мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Жоғарыда аталған жобаға сәйкес келесі кезеңде аталмыш топ Қордай ауданына іс-сапармен баруды жоспарлауда.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі