Көкпарға тартылатын серкені Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхат сыйлады.
Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып сөз бастаған Асхат имам: «Ұлттық спорт түріне жататын көкпар спортының шығу себебі кезіндегі жаугершілік заманда, жау шапқанда бауырын жау қолында қалдырмай өзімен алып кету мақсатында шыққандығын атап өтіп, бұл шараның ұйымдастырылуы жастар арасындағы сыйластық пен құрметті, бауырмалдық пен мейірімділікті насихаттау екенін айтты. Табандылық, батылдық пен шапшаңдықты қажет ететін бұл спортта бір-бірін сабап, балағаттауға жол жоқ екенін ескертті. Тартысты додада тақымы тас, білекті де жүректі ауыл жастарын құттықтап, сәттілік тіледі».
Асанбай Асқаров атамыздың 100 жылдығына арнап берілетін тойда ұйымдастырылатын көкпарға қатысатын 15-тен аса шабандоз қатысып, өздерінің дайындықтарын шыңдады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі