Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы жастарының қолдауымен «Әл-Хақ» мешітінің жанынан асхана бой көтерді. Асхана 200 адамға арналып салынды. Қазіргі уақытта ішкі – сыртқы жұмыстары аяқталып, еденіне кафель төселді.
Осы сияқты жұмыстарды ауылдың жастары Алла разылығы үшін тегін жасап берді. Сонымен қатар, асханаға қажетті столдар мен орындықтар арнайы тапсырыспен жасалып әкелінді. Мешіттің имамы Сабырханов Үмбет қолдау білдіріп демеуші болған және қол ұшын созған жастарға ризалығын білдірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі