Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық «Өрнек» мешітінің имамы Төлепберген Бекжанның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы жүзеге асқан болатын. Бұл акция тұрмысы төмен отбасылардың және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек ретінде арнайы жасалды.
Қайырымдылықта бүлдіршін балаларға оқу құралдары мен мектеп сөмкесі үлестірілді. Бекжан имам демеушілік танытып қолдау білдірген барлық жомарт жандарға өз алғысын айтып, ризалығын білдірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі