ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданы Төле би ауылы "Төле би" мешітіне арнайы ат басын бұрып келді. Аудандағы үлкен мешіт саналатын Алла үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, ғимаратты аралады.
Діни көсбасшымен бірге Жамбыл облысы әкімдегі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы, Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев болды.
Дін мамандары аудандағы түйінді мәселелерді талқылап, шешімін қарастырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі