ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу аудандық орталық "Жәми" мешітінде жамағатпен кездесті. "Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында ауданға арнайы ат артып келген облыстың діни көшбасшысы ауыл тұрғындарымен, жамағатпен, қызметкерлермен көрісіп, хал-ахуал сұрап, тілдесуде.
Міне, кезекті дидарласу мешітте орын алып, бас имам жамағаттың ұсыныс, пікірлерін тыңдап, көркем насихат айтты. Бүгінгі өзекті мәселелер жайында қойылған сұрақтарға дәлелді, дәйекті жауаптар беріп, көпшілікті ауызбіршілекте болуға үндеді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі