Халқымыз тазалыққа аса мән берген. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған. Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан.
Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Алла елшісі ﷺ: «Дін – бұл тазалық», - деп өз үмметіне айтып кеткен.
Осы ұстанымды ұстанатын мешіттер әлемдегі ең таза жер екенін еске сала кетейік. Күнделікті айна шағылысқандай тап-таза етіп жиналатын мешіт айына, аптасына бір рет үлкен сенбілік өткізіп тұрады. Осы дәстүр "Баласағұн" мешітінде үзілмей, мешіттің іші, ауласы толы тазартылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

