Бірер күн бұрын Еуропаның Сербя каласында бокстан кадеттер арасында халықаралық турнир өткен болатын. Жалпы чемпиондық атаққа 18 мемлекеттің жасөспiрiм былғары қолғап шеберлері таласты.
Аталған додада Шу ауданы білім бөлімі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 2023 жылғы мектеп түлегі атанғалы отырған мектеп мерейі, абыройы Бексұлтанов Мадияр Ердосұлы 80 келі салмакта ЧЕМПИОН атанды.
Өңірдің атын шығарып, әлемдік сайыста намысты қолдан бермеген жас чемпионды "Төле би" мешітінің имамы арнайы шақыртып, қолдау көрсетті.
Спортшыға бас имам атынан құттықтау қағазын табыстап, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Сонымен қатар игі тілегін айтып батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі