Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасалған теміржолшыл қызметкерлерімен кездесуге арнайы келіп қатысты.
Имам "Дін және отбасы" тақырыбында көркем насихат айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі болып отырған жат ағымның алдын алу мақсатында "Теріс ағымнан сақтану жолдары" турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дін маманы теріс ағым түрлерін, олардың ұстанымы мен адасқан тұрстарын тілге тиек етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі