Меркі ауданына қарасты Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінде аудандық «Құран жарысы» өтті.
Жарыс Құран оқумен басталып, аудан имамы Азамат Берікұлының сөзімен өз жалғасын тапты.
Азамат Берікұлы жиылған жамағатқа Құран жаттаудың артықшылығы, Құран үйретудің сауабы және оған қолғабыс болған ата-ана туралы сөз қозғады.
Жарыс сауат ашу курсын жақсы біліммен тәмамдап, 1 пара және жарты пара жаттаған 40-тан аса ұл-қыз шәкірттер арасында ұйымдастырылды. Барлық талаптар мен ережелердің сақталуын ескере отырып, арнайы құрылған әділқазылар алқасының шешімімен:
1 пара жаттаған шәкірттерге:
І орын иегеріне 100 000 теңге, ІІ орын алған 2 шәкірттерге 70 000 теңгеден, ІІІ орын алған 3 шәкірттерімізге 40 000 теңгеден берілді.
Жарты пара жаттаған шәкірттерге:
І орын иегеріне 60 000 теңге, ІІ орын алған 2 шәкірттерге 40 000 теңгеден, ІІІ орын алған 4 шәкірттерімізге 30 000 теңгеден берілді.
Және де жарысқа қатысқан шәкірттер арасындағы ең жас шәкіртке «Ең жас қари» атағы беріліп, қаржылай 100 000 теңге табысталды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға «Алғыс хат» пен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Аянбай тер төгіп бала оқытқан ұстаздар мен қазылар алқасына қаржылай сыйлықтар таратылып, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Мешіт қызметкерлері мен ата аналар осы игі іске демеушілік еткен Саламат ағамыз бастаған Кеңес ауылының азаматтарына өз алғыстарын білдірді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі