Қоғамда да күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Яғни, төрт құбыласы тең болады.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөле жүретін Шу мешіттері жұманы қайырымдылықсыз өткізбейді.
Бұл жетіде Далақайнар ауылының тұрғыны игі іске мұрындық болып, әлеуметтік хал-ахуалы төмен 21 отбасынға мешіт имамдарымен бірігіп көмек көрсетті.
Мұқтаж жандарға 25 кг ұн, 5 литр сұйық май, үлкен қаптамадағы шай, 5 кг құмшекер, 5 кг макрон, т.б. азық-түлік салынған қоржындарды табыстады. Қайырымдылық шарасына жалпы 360 000 теңге қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарына құдайы ас таратып, дастархан басына жинады. Алла жомарт жандардың игілігін қабыл етсін!
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі