Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан орталығында орналасқан «Жақсымбет» мешітін зиярат етіп, жамағатымен кездесіп қайтты.
Кездесу барысында, мешіттің тыныс тіршілігімен танысып, мешіт имамының болашаққа жоспарын тыңдап, бірнеше тапсырмалар жүктеді. Мешіт жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді. Уағыз соңында имам жайлы, имамға көңілдері толамекен, қандай арыз шағымдары бар екен, соны сұрастырды. Мешіт жамағаты имамның атқарып жатқан еңбегіне Алладан жеңілдік тілеп, имамға разы екендіктерін айтып, алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында намаз оқылып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеп дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі