Жамбыл ауданы Түрксіб ауылында «Түрксіб» мешітінің имамы Болат Әбдіқұлұлының ұйымдастыруымен 12 тамыз «Халықаралық жастар күніне» орай, мектеп жасындағы оқушы балаларға арналған «Мектепке жол» атты кішігірім акция жүзеге асып отыр.
Аталған акция бес отбасыны қамтыды. Оның ішіне балаларға арналған спорт киімі, сонымен бірге ата-аналарына арнайы 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмек көрсетілді. Көмек алған отбасылар мешіт жамағатына алғыстарын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі