Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде дінтану докторы Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен "Ислам шеңберіндегі трансформация" атты семинар жүргізілді.
Аталған жиынға мешіт шәкірттері мен жамағат қатысты. Семинар үйде отыратын аналарға өзін-өзі дамыту, ішкі жандүниемен жұмыс жасау, кері ойлармен күресу, кешіру жөнінде үлкен кеңестер берді.
Жиында 2 спикер сөз сөйлеп, қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берді.
"Лекция супер өтті. Ішімдегі барлық сұрақтарыма нақты жауап ала алдым, әльхамдулилләһ. Бала, ата-ана, ересек деген жолдарды білдім. Өз-өзіммен күресемін. Алламен қарым-қатынасымды реттеймін. Ұстаздарға рақмет", - дейді қатысушылардың бірі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі