Қақпатас ауылының тұрғындарымен ауылдың мәдениет үйінде дін мамандарымен кездесу жасалды.
Дін мәселесі өте нәзік, әрі маңызды болғандықтан әрбір адамның діни сауатты болмағы абзал. Алайда тонаға тұйық тон терісінде жатқан халық үшін имандылық жиындарын ұйымдастырып, дұрыс ақпарат жеткізіп тұрмаса, ақпараттық алаңда түрлі жартасқа басын соғуы мүмкін.
Халықтың діни сұрақтарына жауап беріп, ақ пен қараның ара жігін ажырату мақсатында Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Дәркембайұлы Қақпатас ауылының тұрғындарына насихат айтып, жат ағымның елімізге, дінімізге, салт-дәстүрімізге қайшы тұстарын дәлелді мағұлматтармен айқындап өтті.
Сонымен қатар көкейлерінде жүрген сұрақтарға дәлелді, мысалды жауаптар берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі